+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Елордада жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 383 адам жұмысқа орналасты

2019 жылғы 13 қыркүйек 21:31
Бөлісіңіз:
Елордада жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 383 адам жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері елорданың Жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі 425 адам жүгінген, оның 383-і жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 150-ге жуық ұйым мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдайды. Азаматтардың бұл санаты үшін Жұмыспен қамту орталығында жеке сектор бар, онда азаматтар кезексіз қабылданады.

Мұнда еңбек инспекторының қатысуымен жұмыс берушілермен жүйелі түрде кездесулер өткізіледі. Орталық мамандары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жұмыс орындарын құру қажеттілігі туралы жиі айтып отырады. Бұл үшін мемлекет арнайы субсидия бөледі. Атап айтқанда, жұмыс берушілердің жұмыс орындарын жабдықтауға кеткен шығындары өтеледі.

Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс беруші Жұмыспен қамту орталығымен келісімшартқа отырғаннан кейін ашады. Осылайша, 12 ай бойы мемлекет жұмысқа орналасушылардың жалақысын субсидиялайды. Оның мөлшері – жалақының 35%-ы. Бұл тұста мүмкіндігі шектеулі жандарға артықшылықтар беріледі.

Өз кезегінде елорда тұрғындарының Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлеріне жұмыс табуда көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысы шексіз.

«Мүгедек жандарға жұмыс табу оңай емес, бірақ Алтай Көлгінов басқарып отырған әкімдік жұмысының арқасында Жұмыспен қамту орталығы арқылы мен және қасымдағы әріптестерім мүгедектігімізге қарамастан, кафеге жұмысқа тұрдық. Рахмет. Қаламызда «Базылов» ЖШС («Эмоджи» кафе-бары) сияқты жұмыс берушілер мен әлеуметтік жобалар көбейсе екен»,- дейді астаналық Айгүл Темірғалиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT