Елордада жыл басынан бері 470 қару тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың тәртіп сақшылары заңды рұқсаты бар қару иелеріне оны ұстау және тіркеу ережелерін қатаң түрде сақтау керектігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфоға сілтеме жасап.

«Жыл басынан тәртіп сақшыларымен азаматтық қарудың сақталу және тіркеу ережесін бұзғаны үшін 470 қару тәркіленіп, қару иелері әкімшілік жазаға тартылды. «Учаске» іс-шарасын өткізу барысында учаскелік полиция инспекторы азаматтық қару иелерін тексеру барысында, қаруды сақтау шарты бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, қару сақталатын темір сейфті бекітпеу, дабылдың жұмыс істемеу секілді бірқатар кемшілік анықталды», - деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Департамент мәліметіне сүйенсек, Нұр-Сұлтанда қаруды есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстанның аумағына әкелу және ел аумағында транзит тәртібін бұзған «Б» есімді азаматқа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, «Винчестер» маркалы аңшы мылтығы тәркіленді.

Сондай-ақ, Полиция департаменті астаналықтардан қару-жарақты ұстау, сақтау және тіркеу ережелерін бұзбауға шақыра отырып, оның ережелерін еске салады.

«Азаматтық қаруды сақтау және алып жүру заңды негізде рұқсат алған азаматтарға рұқсат етіледі. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер қару иесiнiң тұрғылықты жерiнде құлыппен бекiтiлген сейфте немесе темір шкафта сақталуы тиiс. Қару иесі олардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етуге және бөтен адамдардың алуына жол бермеуге міндетті, әсіресе балалар қаруы бар сейфтің кілті қайда сақталатынын білмеуі тиіс. Қаруды басқа адамдарға беруге үзілді-кесілді тыйым салынады. Рұқсат беру құжаттарын уақтылы ресімдеп, мерзімін уақтылы ұзартыңыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар