Елордада жыл басынан бері 25 бала терезеден құлап кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл басынан бері 25 бала терезеден құлап кеткен, оның үшеуі мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 2 тамызында сағат 20:37 кезінде полиция бөлімшесіне Иманбаева көшесінде орналасқан үйдің 8-қабатының терезесінен 4 жасар баланың құлап кеткені туралы хабар келіп түскен.

Пәтерде баланың ата-анасы да болғаны анықталды. Терезенің алдында ойнап отырған бала москит торына сүйеніп құлап кеткен .

Әкесі қайғылы жағдайды кеш көріп, ештеңе істей алмаған. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Полиция департаменті ата -аналармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізеді және қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.

Балалардың терезеден құлауына байланысты болатын жазатайым оқиғалар әсіресе жазда көбейеді.


Соңғы жаңалықтар