Елордада жыл басынан бері 245 адам дағдарыс орталығына жіберілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жыл басталғалы 245 адам дағдарыс орталығын жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарын уақытша оқшаулау шарасы қарастырылған. Ол үшін қала әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдар жанынан дағдарыс орталықтары құрылды. Ол жерде тұрмыстық жәбір көрушілерге психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Елордада жыл басынан бері дағдарыс орталықтарына 245 адам жіберілді. Оның 77-і әйел және 168-і бала», - деген ақпарат таратты департамент.

Осы орайда Полиция департаменті адам денсаулығына қасақана зиян келтіру және ұрып-соғу фактісі бойынша 20 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертеді.

Айта кетейік, биыл елордада отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 14 мыңнан астам шағым түскен.

Сондай-ақ, астаналық тәртіп сақшылардың отбасылық күш көрсетушілерге қарсы күресте жаңа әдісті қолданып жатқаны айтылды.



Соңғы жаңалықтар