Елордада жыл басынан бері 113 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жыл басынан бері 113 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылдың 11 айында 113 млрд теңгеден аса сомаға медициналық қызмет көрсетілген. Оның ішінде ТМККК аясында – 76,5 млрд теңге , МӘМС жүйесінде – 36,6 млрд теңге .

«Осы аралықта көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 14,3 млрд теңге төленді , 5409 жоғарытехнологиялық медициналық қызметке – 1 млрд теңгеден астам , 97 536 стоматологиялық қызметке – 225 млн теңге төленді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарда емделгендер саны - 199 363», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 100 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен келісімшартқа отырған.

Емдеу мекемелерінің 32-сі – мемлекеттік, 60-ы – жекеменшік, 8-і - республикалық медицина ұйымдары.

Оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 35, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 30, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 77, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекеме – 12.


Соңғы жаңалықтар