+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Елордада Журналистер үйі ашылады

2020 жылғы 18 қазан 14:48
Бөлісіңіз:
Елордада Журналистер үйі ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған журналистердің баспанамен қамтылуына септесу жолдары қаралды.

Әкімдік пен кәсіподақ осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті.

Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы З. Әліпбек елордада Журналистер үйін ашу жайын көтерді.

«Қазір журналистердің бас қосып, өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын, идеяларын талқылайтын арнайы жеке орны жоқ. Мұндай орталық қалам ұстаған қауымның ынтымағын арттыра түсер еді», - деді Зейін Әліпбек.

Бұл ұсынысты қолдаған қала әкімі қаладан орынжай қарастыратынын айтты. ​

Кәсіподақ басшысы тарапынан жасалған аталған ұйым мүшелерінің қаладағы спорттық нысандар қызметін тегін пайдалануына жағдай жасау туралы ұсыныс та әкім тарапынан қолдау тапты.

Кездесудің нәтижелі болғанын айтқан кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек қала әкіміне қолдауы үшін алғысын жеткізді.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құрылғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT