Елордада жүрген 1300-ден астам шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін 1358 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, олардың 98-і елден шығарылған, ал мұның 8-і азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қуылған.

«Елордада 27 маусымы мен 4 шілде аралығында «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Көші-қон тұрақтылығын одан әрі қолдау, көші-қонның қаладағы криминогендік жағдайға қолайсыз әсер ету қаупін азайту мақсатындағы шарада полицейлер құрылыс нысандарын, қонақүйлер, жатақханалар, азаматтар көп жиналатын орындарды және шетелдік азаматтар заңсыз болуы мүмкін жерлерді тексерді», - деп жазды ведомстводан.

Департамент мамандары көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қазақстандық 340 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Оның ішінде 275-і шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын бұзғаны үшін, 65 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 49 шетелдік азамат елден шығарылды.



Соңғы жаңалықтар