Елордада жұмыссыздар саны ұлғаюы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жұмыссыздар саны 6% өсуі мүмкін. Бұл туралы елорда тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі тақырыбында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин басталғалы жұмысынан айырылып қалғандар саны айтарлықтай өсті. Бүгінгі таңда елордадағы жұмыссыздар деңгейі 4,6%. Бұл көрсеткіш 6%-ға дейін өседі деп күтілуде. 83 жұмыс беруші бізге 867 адам жұмысынан қысқаруы мүмкін екенін айтты. Оның ішінде 276 адамды жұмыстан қысқартуға тура келген», - дейді «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі Азамат Байтасов.

Сондай-ақ, ол жұмысынан айырылып қалған азаматтарға әлеуметтік төлем алуға болатынын жеткізді.

«Әлеуметтік төлем алу үшін қажетті құжаттарды реттеп, Халықты жұмыспен қамту орталығына бару керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар