+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Елордада жұмыссыз қалған азаматтарға төлем беру басталды

2020 жылғы 30 наурыз 13:13
Бөлісіңіз:
Елордада жұмыссыз қалған азаматтарға төлем беру басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жұмыссыз қалған азаматтарға төлем беру басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын қолдау мақсатында қалалық еріктілер партияның волонтерлерімен бірлесіп, «Birgemiz» акциясының аясында 5 мыңнан астам отбасыға тиісті әлеуметтік көмек көрсетуі жалғасуда. Соның ішінде 3,5 мың отбасыға, атап айтқанда жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдеріне атаулы көмек көрсетілуде«,- деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімінің айтуынша, мұнан бөлек, 25 наурыздан бері елорда волонтерлері медициналық қызметкерлермен бірлесіп, диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтардың үйлеріне дәрі-дәрмектерді жеткізуде. Карантин кезеңінде «Қазпоштаның» қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, зейнетақыны ақшалай алатын азаматтарға оны үйлеріне жеткізіп береді.

«Мемлекет басшысы жұмыссыздықты шешу мақсатында тиісті мәселелерге тоқталып, тапсырма берген болатын. Соған байланысты қаламызда тиісті жұмыстар басталып кетті. Жұмыссыз қалған азаматтарға бүгіннен бастап жұмыс орталықтар арқылы онлайн негізде төлем беру басталады. 300 өтініш түскен болатын. Солардың бәрі бүгіннен бастап алады. Оның көлемі 42 500 теңге көлемінде бекітілген. Мемлекет дегеніміз сіз бен біз. Біз бір бірімізді қиын-қыстау кезеңде ешқашан ұмыт қалдырмаймыз. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек уақтылы жеткізіліп жатыр. Бұл – ауыртпалық кезеңі. Бір-бірімізді сынайтын емес, бірлігіміз сыналатын кез. Сондықтан, тәртіп сақтап, күндіз-түні ұйқы көрмей ауырған азаматтарды емдеп жүрген медицина қызметкерлеріне үйде отырып көмектесейік», - деді елорда әкімінің орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT