Елордада жұмыспен қамту проблемалары талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халықтық коммунистер» фракциясының ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамту қоғам әл-ауқатының факторы ретінде» деген тақырыппен конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер ғылым барлық адамдардың жұмысы болуы тиіс деген талапқа қолдау көрсететін болса онда біз жалпы ішкі өнімге 40 пайыз қосымша алар едік. Бұл көп те, аз да болмаса да 15 трлн теңгені құрайды. Яғни, еліміз барлық еңбек ресурстары мен шикізаттың ресурстарын жұмылдыру арқылы көп дүниеге қол жеткізер еді. Біздің ойымызша, еңбек азаматтық патриотизмді тәрбиелеудің ең басты факторы саналады», - деді шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Мәжіліс депутаты Владислав Косарев.

Сонымен қатар мәжілісмен қоғаммен жұмысты жтілдіре түсу қажеттін баса айтты.

«Адам жұмыс істемесе не болмаса тек өзі үшін ғана жұмыс істейтін болса онда ол қоғам мүддесін ескере бермейді. Елдің мақсаттары мен міндеттерін түсіну қиынға соғады. Ал адам елі үшін, халқы үшін еңбектенетін болса, онда ол барлық жұмысқа жауапкершілікпен, адалдықпен қарайды. Сонда өзінің де, қоғамның да әл-ауқатын жақсарта алады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар