Елордада Жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің 40%-ы электронды талонмен келуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин кезінде кезекте тұрмас үшін «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы жұмыспен қамту орталығына электрондық бронь жасауға болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі тақырыбындағы онлайн баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз жүрген азаматтарға және жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын, әлеуметтік қорғау жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл орталық екі мемлекеттік бағдарлама бойынша қызмет атқарады, олар: нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы, сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы. Қазіргі таңда дағдарысқа қарсы және карантин кезінде жұмыспен қамту орталығы онлайн және офлайн режимде жұмыс істеп жатыр», - дейді «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі Азамат Байтасов.

Оның айтуынша, онлайн режимде жұмыс берушілер мен жұмыссыздар қатарында жүрген азаматтар үйден, кеңседен шықпай-ақ Enbek.kz сайтына кіру арқылы жұмысқа шақыруға немесе жұмысқа орналасуына болады.

«Карантин кезінде үлкен кезекте тұрмас үшін «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы жұмыспен қамту орталығына электрондық бронь жасауға болады. Бұл бронь арқылы өзіңіз жұмыспен қамту шарасын, уақытын, күнін таңдауыңызға болады. Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту орталығына 200 адам жүгінсе, соның 40%-ы тек қана электронды талонмен келуде», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар