+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Елордада жүк тасымалы қалай жүзеге асырылады

2021 жылғы 30 шілде 14:27
Бөлісіңіз:
Елордада жүк тасымалы қалай жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында шетелден келетін және ел ішіндегі жүк тасымалы қалай жүзеге асады және тонналап келген жүк тауарлары қайда сақталады. Осы және өзге де сұрақтарға «Continental Logistics» ЖШС-нің жетекшісі Еркін Жұмабеков жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда арзан азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр Елордада құрылыс алаңындағы қоқыстан өрт шықты Бейнетаспаға түсіріп, жауап алды: Кәсіпкерлер салық органдарының ілкі жобасына наразы

«Біздің транспортты-логистикалық орталық 2015 жылы құрылды. Қазіргі уақытта біздің терминал жылына 250 мың тонна жүк қабылдап, тасымалдайды. Айына 350-400 вагон жүк қабылдаймыз. Сол секілді бұл логистикалық орталық бір мезетте 2 мың контейнер жүкті қабылдап, одан әрі жөнелте алады. Тағы бір артықшылық жүк қабылдау және тасымалдау терминалы Сороковая стансасында орналасқан, жүк тасымалы үшін бұл өте ыңғайлы. Пандемия басталғанда да жұмыс тоқтаған жоқ, әрине карантин талаптарын сақтай отырдық және пандемия кезінде біз халық жиі тұтынатын заттар мен қатар азық-түлікті алып келу, оны өңірлерге жеткізумен айналыстық. Яғни тонналаған азық-түлік бізге келеді, біз оны келісімшартқа сәйкес сұрыптап, тиісті өңірлер мен ірі сауда орталықтарына жіберіп отырдық. Негізгі біз тасымалдайтын және жеткізетін заттар ол азық-түлік пен тұрмыстық заттар», - деді Еркін Жұмабеков баспасөз тур барысында.

Оның айтуынша, елордадан бөлек, аталған аталған логистикалық орталық Шымкент қаласында жұмыс істейді.

«Сырттан тауарлар көбіне Қытай мен Еуропа елдерінен келеді. Бұл жерде 150 адам 24/7 режімінде жұмыс істейді. Бізге жеткізілген әрбір тауар келісімшартқа сәйкес тексеріліп, санап алынады. Егер тауар бұзылған немесе толықтай жетпеген жағдайда, заң аясында акт толтырылып, соған сәйкес айыппұл салынуы да мүмкін. Яғни келген тауар еліміздің ешқандай заңнамасын бұзбауы тиіс, барлық заңдар сақталып, тиісті салықтар төленуі міндет. Көлік-логистикалық орталыққа келетін тауарлардың 80 пайызы елордада қалады, қалған 20 пайызы өңірлерге жөнелтіледі. Бұл жерде 250 жүк контейнері бар, олар әртүрлі тауарларды жүктеу мен сақтауға арналған. Күніне біз 20-25 жүк контейнерін қабылдап немесе жөнелтіп отырамыз. Бізде әртүрлі сала клиенттері бар, оның ішінде мемлекеттік органдар, жеке компаниялар, сауда, құрылыс және медициналық ұйымдар да бар», - дейді ол.

Сондай-ақ, компания жетекшісі жүк тиеу, түсіру және қабылдау жұмыстарының электронды түрде жүзеге асырылатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT