+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Елордада жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті

2019 жылғы 19 мамыр 22:22
Бөлісіңіз:
Елордада жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жол-көлік апатынан 11 адам жарақат алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 мамыр күні сағат 16.05 шамасында Тілендиев даңғылының бойында жүк көлігі шағын автобуспен соғысты. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Медициналық мекемелерге 11 адам жеткізілсе, қазіргі уақытта оның екеуі ауруханаға жатқызылды», - деді ол.

Оның айтуынша, жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

«Жол апатының мән жайы анықталып жатыр», - деді Софья Қылышбекова.

Айта кетейік, бүгін елордада тағы бір жол-көлік апаты болды. «19 мамыр күні сағат 12:05-те Абылайхан даңғылы бойында «Nissan XTrail» маркалы көлігі «Lifan Х50» автомашинасына соқтығысты. Қатты соққы салдарынан «Lifan Х50» көлігі жолдан өтіп бара жатқан адамдарды басып өткен. Оқиға орнында бір адам көз жұмып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды», - деді қалалық Полиция департаментінен. Сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT