+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан жүргізушілер жазаланды

2021 жылғы 24 қазан 16:31
Бөлісіңіз:
Елордада жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан жүргізушілер жазаланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бірнеше көлік жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда қанша көппәтерлі тұрғын үй кешені МИБ-ке өтуге жатады Елордада жас жігіт көпірден секірмекке әрекеттенген Елордада мыс кабель ұрлаған 4 жігіт ұсталды

«Аталған факті бойынша «Mercedes Benz» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жол бөлігіне шығып кеткені үшін «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-тармағымен әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1 тармағы және 630-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.

Әкімшілік соттың шешімімен 22 жастағы жүргізуші 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тағы бір «Mercedes Benz» көлігінің 31 жастағы жүргізушісін қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-тармағымен және 590-бабы 9-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Мұнан бөлек, «Toyota Camry», «BMW», «Mercedes Benz» көліктерінің жүргізушілерінің үстінен де әкімшілік іс қозғалып отыр. Ал ұсталған көліктердің барлығы коммуналдық тұраққа қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT