+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада жолаушылар автобусы өртенді

2021 жылғы 25 қазан 20:30
Бөлісіңіз:
Елордада жолаушылар автобусы өртенді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түсті Талғар ауданында өрттен үйсіз қалған 34 адам үшін жаңа баспана салынады - әкімдік Алматы облысы Төңкеріс ауылындағы өрттің себебі белгілі болды

«Бүгін сағат 18:44-те Байқоңыр ауданы Кравцов көшесі 9а мекенжайындағы «Целинный» мөлтекауданы аялдамасында автобус өртенді. «Ивеко» маркалы №28 қалалық маршруттың қозғалтқышынан өрт шыққан. Жолаушылар дереу автобустан түсіріліп, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.


Өртті сөндіруге ТЖД-нің 7 қызметкері және 1 техника жұмылдырылған.

CTS компаниясының баспасөз қызметі оқиға орнында ТЖ қызметкері тексеру хаттамасын жасап, жүргізушіден түсініктеме алғандығын хабарлады.

Іс материалдары өрт-техникалық зертхананың сараптама бөліміне жіберілді.

Аталған маршруттық көлік бүгін таңертең рейс алдындағы техникалық байқаудан өткен. Соңғы техникалық тексеру 27 мамырда жүргізілген.

Айта кетейік, барлық автобустар әр 6 ай сайын жалпы техникалық тексеруден өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT