Елордада жол жөндеп жатқан жұмысшыларды соққыға жығып, пышақтап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жол-құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан жұмысшыларды соққыға жығып, пышақтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан қалалық ауруханаға пышақпен жарақаттанған үш жұмысшы жеткізілді.

Түнде «102» арнасына Алаш тас жолы бойындағы көпірде жаппай төбелес болып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар бригадасына щабуыл жасалған.

Сағат 00:40 шамасында «Лексус» көлігіне мінген белгісіз ер адамдар жөндеу жүріп жатқан жерге қарай өтпекші болған. Сөзге келіп, кейін төбелеске ұласқан жанжал барысында «Лексус» жүргізушісі мен жолаушылары жұмысшыларға пышақ салған.

Оқиға орнына уақтылы жеткен полицейлер көлік жүргізушісі мен жолаушыларын ұстады. Оқиға орнын тінту кезінде пышақ табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта төбелесті бастаған 29 және 20 жастағы екі азамат ұсталып, Полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар