Елордада жол бойында болған төбелескен жүргізушілер жазаланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы автокөліктерінің жүргізушілері арасында болған төбелес фактісі анықталды.

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермей, ерсі әрекеттер көрсетуі жанжалдың туындауына себеп болған. Төбелескендердің барлығы анықталып, полицияға жеткізілді.

Аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерді қоғамдық тәртіпті бұзбауға, апатты жағдай туғызбауға және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырады.


Соңғы жаңалықтар