Елордада жол апатынан кейін жаппай төбелес болып, екі жігіт пышақ жарақатын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицияның 102 нөміріне сағат 05:52-де Кенесары-Сембинов көшелерінің қиылысында жас жігіттердің төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанжалдың жол апаты салдарынан болғаны анықталған. BMW көлігінің 28 жастағы жүргізушісі Сембинов көшесімен келе жатып, маневр жасағанда жол бойында тұраққа қойылған, 21 жастағы жігіт мінген «Toyota» көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік апатының қатысушылары оқиға орнына достарын шақыра бастаған. Жиналғандар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты.

Төбелес қатысушылары арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Оның бірі екі жас жігітке пышақ салған.

Аталған фактімен қылмыстық іс қозғалды. 29 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша изоляторына қамалды.

Көліктер коммуналдық автотұраққа қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.


Соңғы жаңалықтар