Елордада жол апаттары 40 пайызға артып, полиция тұрғындарға ескерту жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордаға қар жауып, көктайғақтың пайда болуына байланысты коммуналды қызметтер қала көшелерін жинау үшін көптеген арнайы техниканы шығаррды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған қарай полиция елорда тұрғындарынан техника лектеріне ілесіп жүретін полиция патрульдерінің талаптарын мүлтіксіз орындауға, қар тазалаушы техникаларға кедергі келтіретін жерге көлік қоймауға, арнайы техниканың қатарына түспеуге шақырды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғаларының талдауына сәйкес күні бойы қала аумағында 100 жол апаты тіркеліп, жол-көлік оқиғаларының саны 40% - ға өсті.

«Осыған қарай, жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз. Айнала нашар көрінетін кезде жаяу жүргіншілер жақындап келе жатқан көлік құралдарын көрмейді және олардың әрекеттерін кейде болжау мүмкін емес. Осыған байланысты, жаяу жүргіншілер өтетін жерде жүргізушілерге қозғалыс жылдамдығын барынша төмендетіп, мұқият болуды ескертеміз»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар