Елордада жерге түкіргендерді камералар анықтайтын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мәслихат депутаттары жерге түкіргені үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы мақсатта бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы жазалау жұмысы қолға алынбақ. Тәртіп бұзушылар көлік нөмірі бойынша анықталады. Бұл шаралар тәртіп бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады, яғни әкімшілік айыппұл салынады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру ерсі көрініп қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін.

Осындай жағдайға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгіне алады, сөзін растау үшін фото немесе видеоны қоса беру қажет.


Соңғы жаңалықтар