+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Елордада жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады

2020 жылғы 6 мамыр 10:29
Бөлісіңіз:
Елордада  жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елордада жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімі Алтай Көлгінов Р. Қошқарбаев даңғылы мен Айнакөл (№23-17), Р. Қошқарбаев пен А 104 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Әлеуметтік пәтерлердің жалпы ауданы — 500 мың шаршы метр. Пәтерлер кезекте тұрған аз қамтылған азаматтар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген. Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үйлердің құрылысы кезінде «қадамдық қолжетімділік» қағидасын ескеру қажет екенін атап өтті. Жаңадан салынған тұрғын үйлер барлық жағынан ыңғайлы болуы керек.

«Тұрғын үйлердің қасында адамдардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандар болуы керек. Жаңадан салынған үйлердің бірінші қабатында балаларға арналған шағын орталықтар, емхана, полиция пунктін, оңалту орталықтарын ашқан жөн. Баланы мектепке не балабақшаға апару үшін қаланың басқа шетіне бару қажеттілігі туындамайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл құрылыс көлемі үш есе ұлғаяды. Егер 2019 жылы 2900 тұрғын пәтер алса, биыл 8 мыңнан астам пәтер беріледі», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен бірге елордада апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 5 апатты үйді бұзып, 200-ден астам пәтер тұрғындарын көшіру жоспарланып отыр. 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Тұрғындарды көшіру жұмыстары 39 разъезде де жүргізілді. Үйлер мұнай базаларына жақын жерде орналасты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT