+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Елордада жеңілдігі бар көлік карталарын қайта шығару бағасы қымбаттайды

2021 жылғы 23 ақпан 09:23
Бөлісіңіз:
Елордада жеңілдігі бар көлік карталарын қайта шығару бағасы қымбаттайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жеңілдігі бар және оқушыларға арналған «TRANSCARD» көлік карталарын қайта шығару бағасы 1000 теңге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, бұл ретте, жеңілдігі бар караталарды алғаш рет алатындар үшін баға – 500 теңге көлемінде қалады.

«Бұл шара валюта бағамы мен жеткізушілерден сатып алу бағасының көтерілуіне, көлік карталарын жасауға арналған операциялық және күрделі шығындардың өсуіне байланысты қабылданды. Атап айтқанда, орнатылған NXP чипі бар Mifare Plus EV1 стандартындағы байланыссыз микропроцессорлық смарт-карталардың бағасы артты. Сондай-ақ, аппараттық-бағдарламалық кешенге қызмет көрсетудің құны жоғарылады.

Сондықтан, қазіргі уақытта барлық шығындардың өсуін және пайданы есептемегенде, көлік картасын шығару шамамен 1000 теңгені құрайды», - деді әкімдіктен.

Жалпы 2021 жылдың басынан астанада жеңілдігі бар және мектеп оқушыларына арналған 8 416 көлік картасы сатып алынды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 59 732 құрады. Ал 2019 жылы 88 108 карта сатып алынған болатын.

Сондай-ақ, жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің мәліметі бойынша, осы айда жолаушылар легі күніне 489 мыңды құрады. Олардың ішінде орта есеппен күніне 40 мың оқушы валидация жасайды. Ал жеңілдігі бар көлік карталары бойынша валидациялар – 85 мың.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT