Елордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең елордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«26 қараша күні сағат 06.35-те «Wolkswagen Golf» маркалы автомобильдің 21 жастағы жүргізушісі Б.Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында №101 бағдарлы автобуспен соқтығысып қалды. «Wolkswagen Golf» жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеріс жүріп жатыр. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеген», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді жолда, әсіресе күн райы бұзылған кезде өте абай болуға, ара қашықтықты сақтап, жолдағы маневрлар кезінде сақ болуға шақырады.
- Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді
- Елордада конькимен сырғанау және шаңғы тебуді тегін үйретеді
- Карантин: Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы шектелді
- Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонаған күдікті ұсталды
-
2020 жылы Қазақстанда 77 мың көлік шығарылды
-
Елордада түнде істеген компьютер клубында 70-тен астам адам болған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам