Елордада жеңіл автокөлік көпірдің тіреуішіне соғылып, екі бүктеліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы Нұр-Сұлтандағы көпірлердің бірінде тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты жайлы видео «za_rulem_astana» Инстаграм парақшасында жарияланды.

«Аталған факт бойынша істің мән-жайы анықталып жатыр. Жүргізуші Байырқұм көшесімен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай көпірдің тіреуішіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатымен жүргізуші ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды елорданың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент аталмыш жағдайдан басқа ешкімнің зардап шекпегенін хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар