Елордада желтоқсан айында қандай мәдени шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы желтоқсанда елордада өтетін мерекелік шараларды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті мен елорданы Астанаға ауыстыру күніне орай өтетін шараларға қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Желтоқсанда болатын айтулы мерекелер мәдени-бұқаралық шаралар, қойылымдар мен концерттер және отшашуларға жалғасады», - деді Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина баспасөз мәслихатында.

1 желтоқсанда Энергия холл концерт залында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күнінен арналған «Жаңа дәуір - жарқын болашақ» атты мерекелік концерт өтеді.

10 желтоқсанда елорданы Астанаға ауыстыру күні орай, өнер жұлдыздары «Астана» концерт залында «Астана арманы» концертімен қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнерлерін көрсетеді.

15 желтоқсан күні Астанада ресми түрде «Алғашқы қар» шарасымен шаңғы тебу маусымы ресми түрде ашылады. Бұл күні Президент саябағы, Ботаникалық бақ және Триатлон бағында шаңғы трассалары ашылады.

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай, қала әкімдігінің алаңында елорданың жетекші шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтеді.

Жаңа жылдық дайындық шараларына келсек, қала бойынша 3 жерде мұз қалашықтары орналасады, яғни «Ханшатыр» СОСО, Ботаникалық бақ пен қалалық әкімдік алаңында.

Одан бөлек, Астананың 11 жерінде сырғанақ алаңдары ашылады (Ханшатыр, Ботаникалық бақ, Жерұйық, Жетісу,Кемаль Ататүрік атындағы саябақтарында, Қабанбай батыр даңғылы, Тәшенов көшесі, ЭКСПО, Алатау СК, Бейбітшілік және келісім сарайы және Есіл өзенінің жағалауында).

Сонымен қатар, мерекелік шаралармен елорда маңындағы елдімекендердің де қамтылатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар