Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жексенбіде ОСО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жариялаған жаңа қаулыда осылай делінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы (бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып) ұйымдастырылады. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады (онлайн форматтан басқа)», - делінген қаулыда.

Еске сала кетсек Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының тіркелуінің төмендеуін ескере отырып, жаңа қаулы жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар