Елордада жедел жәрдем қызметіне тәулік ішінде 3 мыңнан астам қоңырау түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында бір тәуліктің ішінде жәдел жәрдем қызметіне 3300-ден астам қоңырау түсіп, мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан астам шақыртуға барды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, елордада коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі бәсеңдемей тұр. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қою қызыл аймақтан» шығып, «қызыл аймаққа» өтті. 11 тамыз бойынша инфекциялық стационарларда 2 699 науқас жатыр, осылайша жүктеме 69%-ды құрап отыр. Орташа есеппен тәулік ішінде 300-ге дейін адам ауруханаға жатқызылады. Стационарларда 3 900-дан астам төсек-орын бар. Қазіргі уақытта КВИ-мен күресуге қала бойынша 16 инфекциялық стационарда 7 мыңға жуық медицина қызметкері індетпен күресіп жатыр», - деді Тимур Мұратов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, басқарма басшысы бүгінде жедел жәрдем бригадалары, 103 қызметті және бастапқы медициналық санитариялық көмек беру ұйымдарындағы мобильді бригадалардың жұмысы жұмысы қарқын ала түскенін айтты.

«Тек өткен тәулікте жедел жәрдем станциясына түскен қоңыраулар саны 3 300-ден мыңнан асты. КВИ бойынша қоңыраулар саны тәулігіне 396-ға жетті. Мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан астам шақыртуға барады. Бастапқы медициналық санитариялық көмек беру ұйымдарында 12 мыңнан астам науқас коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр. Қала әкімнің тапсырмасымен мобильді бригадалардың саны 300-ге дейін көбейтілді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар