Jańalyqtar
Елордада жедел жәрдем қызметі ерекше қарқынмен жұмыс істеп жатыр - Сәуле Қисықова
2020 жылғы 25 маусым 09:52
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жедел жәрдем қызметіне қатысты мәліметтерді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып берді
Улы өрмекшілер: Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан
«Елордада жедел жәрдем қызметіне жүктеме артты. Аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келіп түскен. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 4,5 мыңға дейін жетті. Қызмет көрсетілген шықырулардың саны 18 мыңға жуықтап, кеше 2,8 мың болды. Соның ішінде аптасына коронавирус індетіне байланысты 4 438 қоңырау шалынды. Кеше 1300 шақырту болды», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, жедел жәрдем базасында аумақтық емханалардың орта медициналық қызметкерлерінің байланыс орталығы ұйымдастырылды. Онда күн сайын орта есеппен 500-ге дейін қоңырау шалынады. Негізінен сұрақтар коронавирус инфекциясына қатысты.
«Сонымен қатар, алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында, аумақтық емханаларда қосымша және жаңа жедел жәрдем топтарын құру туралы шешім қабылданды. Жалпы, жедел жәрдем телефон қоңырауларына қызмет көрсету үшін күн сайын шамамен 150-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр», - деді С. Қисықова.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Карантин: Қостанай облысында шектеу шаралары қайта күшейді
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендету жалғасуда – Алтай Көлгінов
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация қалай жүргізілетіні айтылды
- Көкшетауда карантин кезінде дәмханада төбелескендер ұсталды
-
Алматыда ишемиялық инсультты емдеуге жасанды интеллект қолданыла бастады
-
Зейнетақы жинағын пайдалану: Арнайы порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER