Елордада жедел жәрдем көлігі қиылысқа жақындағанда бағдаршамның жасыл шамы жанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ақылды бағдаршам» технологиясы елордалық жедел жәрдемге көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Елорданың жедел жәрдем көліктеріне арнайы жабдықтар орнатылды. Бұл қондырғы көше қиылысына жақындағанда бағдаршаммен байланыс орнатып, жасыл шам жанады. ⠀

Нәтижесінде, Интеллектуалды тасымалдау жүйесін (ITS) жедел жәрдем көлігінің GPS навигаторларымен біріктіру арқылы жедел жәрдемнің науқасқа жету уақытын едәуір қысқартты», делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, ззірге мұндай «жасыл дәлізбен» реанимациялық бригада көліктері қамтамасыз етілді.


Соңғы жаңалықтар