Елордада жатақхананың бір бөлмесіне 700 адам тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы 18 шаршы метр жатақхананың бір бөлмесінде шамамен 700-ге жуық адам тұрақты мекенжайға тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Үй иесі жатақханада тұрмаған адамдарды үнемі тіркеп отырған. Тіркелген адамдардың жатақханада тұратынын анықтау үшін полицейлер аталған бөлмені талай рет тексерген. Алайда тұрғындарды анықтау мүмкін болғанмаған. Көршілердің айтуынша, бөлме бос, онда ешкім тұрмайды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары бөлме иесін іздестіріп жатыр, оған қатысты әкімшілік жаза қолданылады.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеу пәтер меншік иелеріне азаматтарды көптеп тіркеуге мүмкіндік береді.

Елордалық полиция департаменті көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында азаматтарды тұрғылықты мекенжайы мен нақты тұратын орында уақытылы тіркелуін сұрайды. Мекенжай мәліметтерінің қате болғанда оларды дұрыстау үшін ХҚКО-дағы көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Сондай-ақ, полиция департаменті үй иелерінен мекенжайда тұрмайтын тұлғаларды тіркеуден уақытылы шығаруды сұрайды.

Көші-қон заңнамасын бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған шаралар қолданылады.

Полиция департаменті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын ерекше мұқият болып, жарнама және жалған мекенжайларда тіркелмеуін сұрайды, себебі тұрғылықты емес мекенжайда тіркелу немесе тұрғылықты мекенжайда тіркеудің болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жауапкершілікке тартуды қарастырады.


Соңғы жаңалықтар