Елордада жатақхана өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жатақхана өртенді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«9 наурыз күні сағат 06:00-де «101» нөміріне «Көктал-2» тұрғын алабында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келген кезде жатақхана ретінде жабдықталған екі қабатты ғимараттың 200 шаршы метр аумақта шатыры өртеніп жатқаны анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше жатақхана тұрғындары өз беттерімен далаға шығып үлгерген. Олар автобус паркінен жіберілген автобусқа жылыну үшін отырғызылды. Қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ.

«Өрт сөндіруге 9 техника мен жеке құрамнан 43 адам жұмылдырылды. Өрттің таралуы сағат 07:39-да тоқтатылып, 09:05-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар