Елордада «жасыл» мәртебе берілетіндер қатары артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Ashyq жүйесінде «көк» мәртебесі бар тұрғындардың демалыс күні мекемелерге кіруі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Көк» мәртебеге келсек, бағдарлама әлі интеграцияланған жоқ. Учаскелік дәрігерден вакцинаға қарсы көрсетілім туралы анықтама болған жағдайда, «көк» мәртебесі бар адам демалыс күндері осы анықтаманы өзі кіргісі келген мекеменің әкімшілігіне көрсетуі керек. Сонда қалаған мекемеге баруға толық құқығы бар. Ал интеграциялық жұмыстар медициналық анықтама болған жағдайда «көк» мәртебе емес, «жасыл» мәртебе шығуы үшін жүргізіліп жатыр», - деді С. Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, мекемеге барған кезде тұрғындарда медициналық анықтама болуы керек.


Соңғы жаңалықтар