+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Елордада «Жасыл ел» жобасы бойынша мыңнан аса жастар жұмысқа орналасты

2020 жылғы 12 тамыз 01:34
Бөлісіңіз:
Елордада «Жасыл ел» жобасы бойынша мыңнан аса жастар жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Жасыл ел» жобасы бойынша жарты жылда мыңнан аса жастар жұмысқа орналасты. Жұмыс барысында санитарлық талаптар қатаң сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі .

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың жаңа толқынында еліміздің еңбек нарығындағы ахуал қандай болмақ «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуына кім жауапты Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді

Елорда әкімдігінің мәліметіне қарағанда, «Жасыл ел» жобасы аясында жастар 3 санат бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, 14-17 жас аралығындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыға жататын балалар, 17-22 жас аралығындағы колледж, ЖОО студенттер және үшінші ересек топ – жұмыссыз жастар санатындағы 18-29 жастағы азаматтар.

Елорданың Жасыл белдеуінде 120-дан астам жас жұмыс істейді. Олар қала маңындағы тал мен көшеттерді – қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, теректерді қопсытумен және суарумен айналысады.

«Астана Орманы» ЖШС мекемесінде жастар 90 мың тенге жалақыға қоса «Жасыл ел» жобасынан арнайы бөлінген 35 394 тенге сыйақыға ие болып, жұмысын жалғастыруда.

Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында жастардың бір жерге шоғырланып жұмыс істеуіне жол берілмейді. Таза ауада, ашық кеңістікте 2 метрден кем емес қашықтық сақтау қажет. Осы жобаға қатысушы жастар міндетті түрде маскамен, қолдарына қолғап киіп жұмыс істейді.

Айта кетсек, биыл елордада студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасағына 1200 жас қабылданды. Өткен жылы квота бойынша 975 адам жұмыспен қамтылған болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT