Елордада жастарға кеңес беру күні өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сейсенбіде елордада жастарға кеңес беру күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталған шара өтеді.

«Аталмыш шара «Астаналық» сауда кешенінде сағат 11.00-де басталады. Әрбір азамат өзінің қалаған сұрағымен «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Медиацияны дамыту орталығы» және басқа да мекемелердің өкілдеріне жолыға алады. Сонымен қатар кәсіби заңгер мен психолог маманы консультациялар жүргізеді», делінген хабарламада.

Шараның мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.


Соңғы жаңалықтар