+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елордада жастарға берілетін пәтер: Қанша өтініш қабылданды

2019 жылғы 13 қараша 20:29
Бөлісіңіз:
Елордада жастарға берілетін пәтер: Қанша өтініш қабылданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысуға 6304 өтінім берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент: Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады Қазақстандықтар аптасына кем дегенде 2 сағатын волонтерлікке арнауы тиіс – Тоқаев Қаңтардан бастап студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

«Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп жүрген жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау аяқталды. 2019 жылдың 12 қарашасы күні сағат 22:00-де жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша онлайн өтінімдер қабылдау аяқталды. Smart Astana порталы арқылы 6304 өтінім қабылданды. Өтінімдерді қабылдау барысында жүйеге виртуалды көмекші қосылды, ол интерфейсте барлық қажетті мәселелер бойынша өтініш білдіргендерге бірден кеңес береді. Құжаттарды толтыру процесінен бөлек 4,5 мыңнан астам онлайн-кеңес көрсетілді»,- делінгент таратылған мәліметте.

Smart Astana порталы электрондық үкіметпен интеграцияланғанын және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы (2-форма), тіркеу мерзімі, жасы, отбасы жағдайы, балалардың болуы, отбасына тіркеу секілді мәліметтерді автоматты түрде тексереді. Критерийлерге сәйкес келмейтін 1180 өтінімге жүйе арқылы бас тартылды.

«Тұрғын үй комиссиясының отырысы 2019 жылғы 6 желтоқсанда өтеді. Арнайы балдардың нәтижесі бойынша 1050 пәтер беріледі», - деп аталып өткен хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қарашадан бастап елордада жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер бойынша өтініш қабылданды.

Кйеіннен елордада жұмыс істейтін жастардан пәтерге өтініш қабылдау мерзімі бір күнге ұзартылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT