Jańalyqtar
Елордада жастарға арналған жалдамалы пәтер қашаннан бастап беріледі
2019 жылғы 10 қыркүйек 16:15
Бөлісіңіз:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді елорда жастарына жалдамалы пәтер қашаннан бастап берілетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұқсас жаңалықтар
«Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығында 245 мыңнан астам азамат бар. Осы бағдарламаға сәйкес, жыл соңына дейін 1050 пәтер беру қарастырылған. Дәл қазіргі уақытта осы пәтерлердің тиісті конкурстық құжаттары дайындалып жатыр. Біз жоспар бойынша қараша айынан бастап бағдарламаға құжат қабылдаймыз. Ол үшін ешқайда барып, ешқандай кезекке тұрудың қажеті жоқ. Құжаттарды қабылдау «Смарт-Астана» алаңында толығымен электронды түрде өтеді. Ол туралы біз уақыты жақындағанда тағы да хабардар етеміз», - деді Талғат Рахманберді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын.
Ал былтыр күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазір - Премьер-министрдің орынбасары) Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын хабарлаған еді.
Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасына қалай қатысуға болатынын бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді. Жалдамалы пәтер алғысы келетін жастар бағдарламаға қатысу үшін мына сілтемедегі құжаттарды жинауы тиіс.

#Нұр-Сұлтан
#Тұрғын үй
#Жергілікті органдар
#Президент тапсырмалары
#Әкімдік
#Жастар
#Бес əлеуметтік бастама
Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
TOP
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Төтенше жағдай: Елордаға заңсыз келген 41 адам ел аумағынан шығарылды
- Елордада комендант сағаты кезінде жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат етілді
- Елордада террористік қауіптің «қызыл» белгісі алынып тасталды
- Алматы әкімдігінің ғимараты қанша уақытта қалпына келеді
-
Алматы трагедиясынан кейін ешкімнің қателесуге құқығы жоқ – Арман Қашқынбеков
-
Сарапшы Қазақстандағы жастар саясатын дамыту іс-шараларын түсіндірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER



