Елордада жастарды кәсіпкерлікке оқыту жөніндегі форум ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім» атты ІІІ Халықаралық форум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты - шикізаттық тәуелділіктен шығып, инновациялық экономиканы құру. Ол үшін қарқынды нарықтық экономиканың негізі ретінде кәсіпкерлік секторды дамыту керек», - деп тоқталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова форумның ашылуы рәсімінде.

Осы орайда ол аталған мақсатқа жетуде жоғары оқу орындарының маңызды рөлін атап өтті.

«Кәсіпкерлік білім тақырыбы эксклюзивтік өзектілікке ие болуда. Қазақстан алдында 2050 жылға қарай ІЖӨ-де шағын және орта бизнес үлесін 26-дан 50 пайызға дейін арттыру міндеті тұр. Осы жоспарға қол жеткізуде ЖОО-лар рөлі арта түседі. Бүгінде жоғары оқу орындары білім орталығы немесе зерттеу алаңы ғана емес, сонымен қатар өңірлік дамудың драйвері және экономикалық қызмет үшін тұғырнама болып саналады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

null

Бұл тұрғыда ол елімізде кәсіпкерлік үшін қажетті жағдай жасалғанын, бизнес-инкубаторлар дамып жатқанын, сондай-ақ ЖОО-ларда сапалы стартаптардың артуына мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Форумның мақсаты - кәсіпкерлік білім беру саласында оқыту мен тәжірибе алмасу үшін ашық сараптамалық пікірталасқа аудиторияны тарту. Онда мамандар осы сектордағы білім беру бағдарламаларының үздік тәжірибелері мен трендтері туралы әңгімелейді.

Шара барасында белгілі халықаралық және қазақстандық сарапшылардың, кәсіпкерлік әрі академиялық қауымдастықтардың, мемлекеттік басқару органдарының, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтіп жатыр.

Осы орайда форумда «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім», «Мемлекет, білім, бизнес және азаматтық қоғам серіктестігі», «Университеттің даму стратегиясы: фандрайзинг, эндаумент-қорлар және түлектерді тарту», «Білім беру мекемелерінде басқару командаларын дамыту» тақырыптары талқылануда.

Соңғы жаңалықтар