Елордада «Жастар үшін спорттық инфрақұрылымдарды жүйелі дамыту - өмір сапасының жаңа деңгейінің элементі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалында «Жастар үшін спорттық инфрақұрылымдарды жүйелі дамыту -  өмір сапасының  жаңа   деңгейінің   элементі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға төрағалық жасаған партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Павел Казанцев қазақстандықтар үшін спорт тек қана бұқаралық мәдениет емес, сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясындағы 8 басымдықтың бірі - ұлт денсаулығының негізі екендігін атап өтті.

Оның айтуынша, елорда тұрғындарының төрттен бірін 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Ал жалпы қала халқының 15 пайызының ғана спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндіктері бар. Спортпен айналысатын елорда тұрғындары санының төмендігі негізінен жаттығу залдарының, бассейндердің бағасының қымбат болуы мен қызмет көрсету сапасының нашарлығына тікелей байланысты. Сондай-ақ П.Казанцевтің келтірген мәліметтеріне қарағанда, Астана мектептерінің көпшілігінде түрлі спортқа қажетті құрал-жабдықтар тұрмақ баскетбол мен волейболға қажетті доптардың өзі саусақпен санарлық екен.

Аталған жайтқа орай Астана қалалық дене тәрбиесі спорт басқармасының бастығы Айталап Қорғанбаев түсінік беріп, қаржылық бақылау 2012 жылға дейін спорт бұйымдарын сатып алуға бюджеттен қаржы бөлуге шектеу қойғандығын жеткізді.

Сондай-ақ ол 2011 жылы өтетін Қысқы Азиада ойындарына орай Елбасының тікелей тапсырмасымен салынып жатқан нысандардың құрылысы келесі жылы аяқталып, қыркүйек айында сынақтан өтетінін жеткізді. Басқарма бастығының ойынша, осы нысандар пайдаланылуға берілгеннен кейін спортпен айналысуға ниетті азаматтардың мүмкіндіктері ұлғая түспек.

Соңғы жаңалықтар