Елордада «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Бұл бағдарламаға алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жастан аспаған азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы негізінде курсымыз жұмыс берушілердің ұсынысы арқылы ұйымдастырылады. Жастар тәжірибесі алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. Оқу - тегін. Оқу барысында мемлекет тарапынан 16 759 теңге шәкіртақы төленеді. Ұзақтығы 6 айдан аспайды. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыссыз азаматтар жұмыс берушіге тұрақты жұмысқа орналастырылады», - дейді «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі Азамат Байтасов онлайн өткен баспасөз конференцияда.

Оның айтуынша, аталған курс 3 ай болғанмен, жартысында теория жүзінде болса, қалған бөлігінде жұмыс берушіге барып үйренеді.

«Жастар тәжірибесі» деп аталатын тағы бір бағдарлама бар. Бұл бағдарламаға оқуды диплом алған күннен бастап 3 жылдан кеш емес аяқтағандар және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жастан аспаған жұмыссыздар қатыса алады.

«Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша 900 азаматты жұмысқа орналастыруымыз қажет. 200-ден астам жас түлек жұмысқа орналастырылды. Бұл бағдарлама 6 айға қарастырылған. 6 ай ішінде жалақыны мемлекет төлейді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар