+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елордада Жастар ресурстық орталығы ашылады

2019 жылғы 9 қаңтар 11:47
Бөлісіңіз:
Елордада Жастар ресурстық орталығы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Жастар ресурстық орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов жылды қорытындылауға арналған жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялады. Қазіргі уақытта «Астана жастары - 2019» атты өңірлік Жол картасы әзірленді. Құжатта 11 өзекті бағытты қамтитын 90 жоба қамтылған. Бұл - жастар инфрақұрылымын дамыту, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және қаржылық сауаттылық, талантты жастарды қолдау және тағы да басқа маңызды салалар», -деді ол.

Қазіргі уақытта, әкімнің айтуынша, Астанада алғашқылардың бірі болып «2019» қысқа нөмірімен call-center іске қосылған. Ол жастарға жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікпен айналысу, тұрғын үй алу және білім беру мәселелелері бойынша жан-жақты құқықтық консультациялық кеңестер береді.

«Жастар инфрақұрылымын дамытуға айрықша басымдық беріледі. 2018 жылдың басында елордада 16 аула клубы болса, қазір оның саны 32-ге жетті. Осы жылы аула клубтарының санын кем дегенде 50-ге дейін өсіру жоспарланып отыр. Бұл ретте, осынау ерекше жыл аясында «Жастар» сарайын Қоғамдық даму істері басқармасының балансына беріп, оның базасында Жастар ресурстық орталығын ашуды ұсынамын. Ол қаладағы барлық жастар ұйымдарының институционалдық қызметтерінің сапасын жақсартатын және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын арттыратын орталық болады. Сонымен қатар, онда Азаматтық бастамалар орталығы мен «Рухани жаңғыру» жобалық орталығы орналасады», - деді Бақыт Сұлтанов.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT