+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елордада жастар мен спортшылар вакцина салдыртты

2021 жылғы 9 мамыр 01:30
Бөлісіңіз:
Елордада жастар мен спортшылар вакцина салдыртты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында жастар мен спортшылар COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады ҚР Қорғаныс министрі шетелдік әріптестеріне ел әскерінің пандемиямен күрестегі еңбегін баяндады Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін

«Әрбір Қазақстан азаматы өзіміз үшін ғана емес жақындарымыз үшін де вакцина қабылдауымыз міндет. Өзгелердің де денсаулығына алаңдауымыз керек. Сол себепті жастардың көшбасшысы ретінде вакцинаны қабылдадым», - деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Ал кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі өз сөзінде қалың көпшілікке вакцина салдыруға кеңес беретінін айтты.

«Менің жетекшілігіммен біраз адам спортпен айналысып жүр. Өз елімнің патриоты ретінде вакцинаны алғашқылардың бірі қабылдауым міндет. Вакцинаны жылдам қабылдадым. Қандай да бір ауыру байқалған жоқ. Бәріне вакцинациядан өтуге кеңес беремін», — деді кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі Василий Тахтай.

Айта кетейік, жақында елордада Асхат Маемиров, Асылхан Төлепов бастаған елге белгілі бір топ өнер жұлдыздары вакцина қабылдаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT