Елордада жастар арасында коронавирус жұқтыру оқиғалары тексерілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елордада жастар арасында коронавирус жұқтырудың бірқатар оқиғасына қатысты тексеру жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихатында соңғы күндері елордада мен Алматыда жастар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларына қатысты сауал қойылды.

«Алматы бойынша тоқталсақ, олар патрульдік іс-шаралармен айналысқандар. Шынымен де олардың арасында індетке шалдығу анықталды. Барша контингент тиісті тестілеуден өтеді. Нақты мәлімет алу үшін барлығын тексеруден өткіземіз», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол елордада жағдайға байланысты тиісті тексеру жүріп жатқанын атап өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдайға қатысты эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша аталған адамдардың індетке шалдығуының нақты себебі белгілі болады. Осыдан кейін толық ақпарат беріледі», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Айжан Есмағамбетова мамырдың соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар