Елордада жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау саласындағы саясатты жетілдіру мәселелеріне арналған ұлттық консуьтативтік кеңес өтті

None
None
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада БҰҰ-ның Қазақстандағы қорының ұйымдастыруымен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау саласындағы саясатты жетілдіру мәселелеріне арналған ұлттық консуьтативтік кеңес өтті.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің, аталған ведомствоның Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің, Салауатты өмір салтын құру проблемалары ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ ресейлік мамандардың қатысуымен өткен алқалы жиын барысында республика жастарының ағымдық репродуктивті денсаулығының жай-күйі талқыға салынды.

Жиынға қатысушылар жасөпірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуын, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюін, АҚТҚ-ның алдын алу әдістері туралы хабар болудың төмендігін, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестікті алға тартты. Сонымен қатар олар жасөспірімдер мен жастардың реппродуктивті әрі жыныстық денсаулығы бойынша нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі де өз әсерін тигізіп отыр деген пайымға келіп отыр.

Салауатты өмір салтын құру проблемалары ұлттық орталығының директоры Сәуле Диханбаеваның атап өтуінше, бұл проблемаларды шешу үшін ведомствоаралық күш-жігерді біріктіру әрі өскелең ұрпақта репродуктивті және жыныстық қатынастарда жауаптылық пен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға ұмтылу қажет.

Соңғы жаңалықтар