Елордада жасөспірім қыздар спирттік ішімдік ішкен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ішімдік ішкен екі кәмелетке толмаған қыз анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Патрульдеу кезінде елордалық полиция қызметкерлері Сәтпаев көшесіндегі үйдің ауласында 15 және 16 жастағы екі қызды байқап қалған. Олар спирттік ішімдік ішіп отырған. Одан әрі істі қарау үшін кәмелетке толмағандар «Алматы» ауданы ПБ ювеналды полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сондай-ақ полиция басқармасына жасөспірім қыздардың ата-аналары шақырылды. Тиісті профилактикалық шаралар жүргізілді», - деді полицияда.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқаны үшін дүкен сатушысына ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Соңғы жаңалықтар