+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Елордада «Жас жауынгер» спорт фестивалі өтті

2020 жылғы 17 қазан 18:06
Бөлісіңіз:
Елордада «Жас жауынгер» спорт фестивалі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Жекпе-жек» спорттық кешенінде Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубы ұйымдастырған ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жас жауынгер» атты спорттық фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР МСМ Спорт комитетінің мәліметінше, шараға Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Әнуар Садықұлов, мәдениет және спорт саласына танымал азаматтар қатысты.


Әнуар Төлеуханұлы қауымдастықтың болашақта да ерекше балаларға қолдау танытатынын жеткізді.

«Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығы «Жас жауынгер» жобасын осы жылы бастады. Бұл жоба біздің балаларымызға арналған. Қауымдастықтың басты мақсаттарының бірі – балаларымыздың спортпен айналысуына жағдай жасау. Жекпе-жек спорт түрлерімен айналысу арқылы балалар өздерінің денсаулығын нығайта алады. Біз мұндай жобаларды болашақта да қолдаймыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе, Ұлттық қауіпсіздік комитеті балалардың комитетке қарасты Балқаштағы санаторийде дене шынықтыру ем-домын алуын қамтамасыз етеді»,-деді қауымдастық президенті.

Аталған шара сал ауруына шалдыққан балалардың халықаралық күніне арналды. Айта кетейік, бұл күн бүкіл әлемде 7 қазан күні аталып өтеді.

Бұл іс-шара аясында ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, боксшы Мерей Ақшалов, ММА шебері Жалғас Жұмағұлов, «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев секілді танымал спортшылардың қолдауымен ерекше балалармен бірлесе шеберлік сабағы ұйымдастырылды.


Барлық бала естелік медаль, спорттық форма және демеушілерден басқа да сыйлықтарға ие болды. Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, көрерменсіз өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT