+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Елордада жас тергеушілер кездесуі өтті

2021 жылғы 25 тамыз 20:01
Бөлісіңіз:
Елордада жас тергеушілер кездесуі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Конституция күніне орай сот саласы ардагерлімен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда әкімі үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты Нұр-Сұлтан тұрғындары «көгілдір отынды» пайдалана бастады Қазақстанда тергеушілердің орташа жалақысы қанша

«Заң саласында қызмет ететін жандар үшін Конституция күнінің орны бөлек. Біздің басты міндетіміз азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау. Біздің кезімізде Конституцияға ерекше мән беріліп, арнайы пән ретінде оқытылды. Ата заңды білу әр азаматтың парызы және оны үнемі насихаттап жүруіміз тиіс. Біздің өміріміздің барлық сәті осы Конституцияның ішінде жазылып, заңмен бекітілген. Мен өзім көп жылдар сот саласында еңбек еттім, судья болдым. Дегенмен қызметтегі бастапқы 3 жылында тергеу саласында жұмыс істедім. Сондықтан бұл сала маған бөтен емес. Оқу бітірген соң аудандық сотта тергеуші болып қызмет атқардым. Қылмыстық істе басты тұлға ол тергеуші», - деді ҚР Жоғары Соттың бұрынғы судьясы, Қазақстанның облыстық судьяларларының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Амангелді Рысқалиев жас тергеушілермен кездесуде.

Сондай-ақ, аталған жиында сала ардагерлері өз тәжірибесімен бөлісті.

«Тәуелсіздік тарихымен сабақтастан сіздердің мәнді әрі қызықты өмір жолдарыңыз келешек ұрпаққа өнеге. Бүгінгі жиында ардагерлеріміз жаңа буын яғни жас тергеушілерге Тәуелсіздік жолынан сыр шертіп, ой бөліседі. Бүгінгі жиынға елорданың жас тергеуші мамандары қатысып отыр. Жас мамандардың бүгінгі жиыннан алары көп», - деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Айта кетейік, шараны ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті ұйымдастырды.

Аталған кездесудің құрметті қонақтары Амангелді Рысқалиев Д.И.Курский атындағы Саратов заң институтының түлегі, ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы судьясы, Қазақстанның облыстық соттарының бұрынғы төрағасы, Құрмет ордені мен басқа да көптеген награда иегері.

Иманәлі Байдәулет медицина ғылымының докторы, И.М.Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» мамандығының түлегі, медицина полковнигі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты, Құрмет орденінің иегері.

Есберген Алауханов А.А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің түлегі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, жазушы, құқықтық ілімдерінің жаттықтырушысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT