+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері АЛЖИР тұтқындарын еске алды

2021 жылғы 18 қыркүйек 05:30
Бөлісіңіз:
Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері АЛЖИР тұтқындарын еске алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ осы аптаны «Тағылымға толы тарих» ұранымен өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» XXII халықаралық фестивалі өтеді «Жыр мұра» жобасы ұрпақты ұлттық өнерге баулиды

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының

Нұр-Сұлтан қалалық филиалы әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар мен акциялар өткізіп, жастардың патриоттық бағытта тәлім-тәрбие алуына атсалысуда.

«Тағылымға толы тарих». Осындай атпен аталмыш аптаны бастаған «Жас Сарбаз» қозғалысы өз қатарындағы тәрбиеленушілерді «АЛЖИР» мемориалды кешеніне саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында алып барды.

«Бүгінгі іс-шарадан өте қатты әсер алдым. Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша күресіп, кейінгі ұрпақ алаңсыз өмір сүру үшін атқарған еңбектері, ерліктері жаныма қатты әсер етті. Музей қызметкерінің бізге айтқан әңгімелері тарихи оқиғаларды жете түсінуге септігін тигізді. Іштегі патриоттық сезім ұлғая түсті», – деді «Жас Сарбаз» тәрбиеленушісі Нұрасыл.

Алдағы күндері жассарбаздықтар Тұңғыш Президент мұражайына барады.

Айта кету керек, «Жас сарбаз» қозғалысы Елбасының бастамасымен 2018 жылы құрылған. Оның қатысушылары жастарға, оқушылар мен студенттерге әскери-патриоттық тәрбие берумен айналысады. «Жас Сарбаз» қызметінің арқасында биыл Нұр-Сұлтандағы әскери-патриоттық клубтардың саны 150-ге дейін өсіп, 6000-ға жуық бала қамтылды.

Жыл сайын қозғалыс әскери-қолданбалы спорт түрлерінен түрлі жарыстар өткізеді.

«Ұйымымыздың құрылғанына небәрі үш жыл болса да тәрбиеленушілеріміз көптеген акцияларға, сенбіліктерге, ағаш отырғызуға белсенді қатысып келеді. Бұл жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғандықтан, біз тағы бір жобаны – «Тәуелсіздік тірегін» іске асыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы барлық іс-шаралар осы жоба аясында өткізіледі», – деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT