Елордада жас оқырмандарға арналған заманауи кітапхана ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - "Astana International Rotary Club" коммерциялық емес ұйымы және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасын қайта жаңғыртады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бастамаға Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімдігі қолдау көрсетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімдігі, Astana International Rotary Club және «Jas Otan» арасында үш жақты меморандумға қол қою барысында мәлім болды.

Жөндеу жұмыстары жазда басталады. Жаңартылған кітапхана жас оқырмандарға биылғы оқу жылында өз есігін ашатын болады.

Жастар қанаты кітапханаларды жаңғыртуды 2018 жылы "Bilim ortalygy" жобасы аясында бастаған болатын. Өткен жылы ел бойынша 150-ден астам кітапхана жаңғыртылды.

Мұндай бастаманың негізгі мақсаты - кітапханаларды балалар мен жастар үшін тартымды әрі қызықты ету, кітап оқуға байлу.

Соңғы жаңалықтар