Елордада жас дарындардың «Шаттық» фестивалі өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің орталығы Нұр-Сұлтанда жас дарындар арасында ХI халықаралық «Шаттық» фестивалі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фестивальге жас әншілер, бишілер, халық орындаушылары, сән театры Қазақстанның барлық аймақтарынан және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Башқұртстан, Болгария, Түркия, Куба, АҚШ-тан келді. Шараға 5-18 жас аралығындаға 350 бала қатысты.

«Нұр-Сұлтан – туған күніңмен!» атты фестивальде вокал, хореография, фольклор, аспаптық, сән театры, ерекше жанр түрлері бойынша өткізілді.

Жас дарындардың орындаушылығын өнер саласындағы белгілі адамдар бағалады.

«Шаттық» фестивалі елордамен тығыз байланысты. Өткізілген он жыл ішінде фестиваль жас таланттарды жарыққа шығарды. Фестивальдің мақсаты да сол балалардың өнермен айналысуын арттыру, халық өнерін дамыту, жаңа дарындарды ашу, олардың ары қарай жетілуіне көмек көрсету.

«Елорда күнінде «Шаттық» фестивалінің қатысушылары әндерін айтып, билерін билеп, өз өнерлерін көрсетті. Халыққа қуаныш сыйлаған өнерпаздарға алғысым шексіз. Өнерлері өрге жүзсін», - дейді концертті тамашалаған Мейірбек Нәзиев.

Бүгін үш күнге созылған фестивальдің қорытындысы шығарылып, лауреаттар марапатталды. Сондай-ақ өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт өтті.

Соңғы жаңалықтар