+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Елордада жарықтың сөнуі: Апат салдары толық жойылды

2019 жылғы 11 қараша 18:35
Бөлісіңіз:
Елордада жарықтың сөнуі: Апат салдары толық жойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жарықтың сөніп қалу оқиғасына байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 қараша күні сағат 03:50 минутта 101 қызметіне хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, Сығанақ көшесі, 12-үйдегі 5 метр электр кабелі жанып жатқаны анықталды. Оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылып, аварияны жою жұмыстары белсенді жүргізілді», - Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаментінің өкілі Райымбек Әлімғазыұлы.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Ернат Бәзіл дәл қазіргі уақытта қаладағы барлық нысандарға жарық берілгенін жеткізді.

«Арнайы топ екі күн жұмыс істеп, аварияның салдарын толық жойды. Қазіргі уақытта ғимараттар мен көп қабатты кешендердің барлығына электр қуаты берілді. Тек «Бәйтерек» монументі мен «Москва» бизнес орталығы жарты сағаттан кейін электр қуатына қосылады», - дейді Ернат Бәзіл.

Кабельдік желілерді қалпына келтіру үшін 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырған болатын. Құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Сондай-ақ, елордада жарықтың сөніп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT